АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Америкалық миллиардер Дэвид Сакс X әлеуметтік желісінде Украина болашағына қатысты болжамымен бөлісті, деп хабарлады РИА Новости.
Дэвид Сакс Украина Батыстың көмегімен де әскери әлеуетін ұстап тұра алмайтынын және қақтығыста жеңілетінін айтты.
"Украина тіпті Батыстың қолдауымен де өзінің соғысу үшін қажетті әскери әлеуетін ұстап тұра алмайды және қақтығыс жеңіліспен аяқталады", - деп жазды Сакс.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Маргарет Тэтчер атындағы еркіндік орталығының сарапшысы Макс Приморак National Interest журналындағы мақаласында АҚШ-тың Украинаны қалпына келтіруге қаражат бөлуге келісуі екіталай, америкалықтар батыс кредиторларының алдындағы миллиардтаған доллар қарызға Киевтің көзқарасына наразы екенін айтты.
Украина мемлекетті қалпына келтіруге бөлінетін көмекке сенбес бұрын барлық ескі қарызды өтеуі керек, деп мәлімдеді Приморак.