Спорт

Қазақстанның тағы бір боксшысы Олимипиаданы сәтті бастады

Sputnik
АСТАНА, 28 шілде - Sputnik. Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Париж Олимпиадасында алғашқы жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оралбай нигериялық Адам Олаоремен кездесті. Үш раундта қазақстандық боксшының басымдығы айқын болды. Ал бірінші раунда өз қарсыласын нокдаунға түсірді. Оралбай ширек финалға өтті.
Айта кетері, бұған дейін 63,5 кг салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы бірінші айналымда испан былғары қолғап шебері Ойер Ибаречченің адымын аштырмай, сенімді жеңіске жеткен болатын. Енді отандасымыз 1/8 кезеңде Тайпей боксшысымен күш сынасады.
Боксшы Айбек Оралбай Париж олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды