Спорт

Париж олимпиадасы: Ғұсман Қырғызбаев жартылай финалға шықты

Жартылай финалға дейін Қырғызбаев испаниялық Давид Гарсия Торнені, одан кейін Олимпиада ойындарыының екі дүркін жүлдегері Ан Ба Улды жеңді
Sputnik
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Үшінші айналымда Қырғызбаевқа қарсы жергілікті дзюдошы Валид Хяр шықты. Жекпе-жектің басында қазақстандық спортшы екі шидо алып қалды. Соған қарамастан, өз әдісін іске асырып, қарсыласын иппонға түсірді.
Жартылай финалға дейін Қырғызбаев испаниялық Давид Гарсия Торнені, одан кейін Олимпиада ойындарыының екі дүркін жүлдегері Ан Ба Улды жеңді.
Айта кетері, Ғұсман Қырғызбаев 66 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Ал 60 келіде Елдос Сметов күні кеше Олимпиада чемпионы атанды.
Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атанды