АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Қазақстандық қос спортшы Париж Олимпиадасында ерлер арасындағы семсерлесуден өз қарсыластарын жеңіп, келесі кезеңге өтті, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.
Семсерлесуден Қазақстан командасының мүшесі Руслан Курбанов Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады. Жекелей сынды Курбанов 1/16 айналымнан бастады. Ол алғашқы қарсыласы Хуссам Элькордты 15:13 есебімен ұтты.
Оның ендігі қарсыласы – Олимпиада чемпионы Ромен Каннон (Франция).
"Сонымен қатар, шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасының ең тәжірибелі мүшесі Эльмир Әлімжанов 2024 жылғы Олимпиаданың 1/16 финалында жеңіске жетті. Әлімжановтың қарсыласы – француз спортшысы Луиджи Мидльтон болды. Қарсыластар өте тартысты жекпе-жек өткізіп, жеңімпаз бір ұпай айырмашылығымен анықталды", - деп хабарлады комитеттегілер.
Кездесу 15:14 есебімен Эльмирдің жеңісімен аяқталды. Ал Вадим Шарлаимов жарысты аяқтады.