Спорт

Олимпиада-2024: Пневматикалық мылтықтан оқ атудан қазақстандық спортшы финалға шықты

Ертең, 29 шілдеде медальдар үшін жарыс өтеді
Sputnik
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Нысана көздеуден Александра Ле Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

"Александра Ле 10 метрге пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден іріктеу кезеңін алтыншы орынмен аяқтады. Ал финалға алғашқы сегіз спортшы өткен", - деп жазылған хабарламада.

Арина Алтухова 627.7 ұпаймен 17-орын алды.
Аралық нәтиже бойынша, бірінші орында кореялық Хьеджин Бан тұр. Ол іріктеуде жинаған ұпайы бойынша (634.5) олимпиадалық рекорд орнатты.
Спортшылар медальға ертең, 29 шілде күні таласады.
Айта кетелік, кеше Александра Ле мен Ислам Сәтпаев аралас командалық жарыста үшінші орын алып, ел қоржынына алғашқы медальді әкелген болатын.
"Атланта ойындарынан кейінгі алғашқы медаль": Головкин мергендерді құттықтады