"Қарсыласын 19 секундта жеңді": Абиба Абужақынова ширек финалға өтті

Бұған дейін Абужақынова израильдік Сара Ришониден басым түскен
Sputnik
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Париж Олимпиадасында дзюдошы Абиба Абужақынова екінші айналымда қарсыласын 19 секундта жеңді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Екінші айналымда Абужақынова тайпейлік дзюдошы Чен-Хао Линмен белдесіп, жекпе-жектің басында өз әдісін шебер іске асыра білді. Осылайша, қарсыласын иппонмен 19 секундта жеңді.
Бұған дейін Абужақынова израильдік Сара Ришониден басым түскен. Ал Елдос Сметов ширек финалға өтті.
Париж Олимпиадасы: Абиба Абужақынова келесі айналымға өтті