Париждегі Олимпиада: Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов алтынға таласады

Sputnik
АСТАНА, 27 шілде - Sputnik. XXXIII Жазғы Олимпиада ойындары Парижде 2024 жылдың 26 ​​шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді. 80 спортшыдан тұратын Қазақстан құрамасы спорттың 25 түрінен қатысады.
Бүгін Парижде өтетін Олимпиада ойындарында алғашқы медальдар жиынтығы сарапқа салынады.
Қазақстандық спортшылардың ішінен Олимпиада тұғырын үшінші рет бағындыратын Елдос Сметов бас жүлдені сарапқа салады. Ол 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түседі.
Сметов екі дүркін Олимпиада жүлдегері, Рио-2016 күміс және Токио-2020 қола жүлдегері.