Парижде Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

Sputnik
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Қазақстандық спортшылар Париж Олимпиадасында алғашқы медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен атудан аралас жұптық сайыста Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қола жүлдені жеңіп алды. Олар Германия спортшыларынан басым түсті.
Айта кетері, осы спорт түрінен Қазақстанда 6 жолдама бар. Ел намысын Ислам Сәтпаев, Арина Алтухова, Александра Ле, Ирина Юнусметова, Никита Чирюкин мен Константин Малиновский қорғайды.