АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Париж Олимпиадасында дзюдошы Абиба Абужақынова алғашқы айналымда қарсыласын жеңді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бірінші белдесуде Абиба Абужакынова израильдік Сара Ришонимен кездесті. Басында екеуі де баяу қимылдады. Сол үшін төрешіден шидо алды. Абужақынова екінші ескерту де алды. Бірақ бірден әдіс өткізіп, вазариге ие болды. Осы есебін жекпе-жектің соңына дейін ұстай білді. Есеп – 1:0.
Ал көрші татамиде Елдос Сметов екінші қарсыласын жеңді. Бұған дейін ол Нидерланд спортшысы Торнике Чкадуадан басым түскен.