Елдос Сметов Олимпиаданың финалына шықты

Финалда Елдос пен Лука Мхеидзе (Франция) күреседі
Sputnik
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов 60 келі салмақта Олимпиада финалына шықты.
Ол Париж Олимпиадасының жартылай финалында әлем чемпионы, Еуропа чемпионатының 3 дүркін жеңімпазы Франсиско Гарригосты (Испания) қосымша уақытта (golden score) ұтты.
Екі татами шебері осыған дейін 4 мәрте күш сынасқан (2-2). Елдос бұл текетіресте алға шықты.
Финалда Елдос пен Лука Мхеидзе (Франция) күреседі.
Бүгін іріктеуде Сметов Торнике Чкадуаны (Нидерланд), Дильшот Халматовты (Украина), ширек финалда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Янг Ю Вейді (Тайпей) жыққан.
Елдос Сметов әлемнің үздік дзюдошысын жеңді