Атырауда субұрқаққа түскен үш жасар бала қайтыс болды

Қазіргі кезде осы оқиға бойынша қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу шаралары басталды
Sputnik
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Атырау қаласында субұрқақта кірген үш жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция депаратменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 26 шілде күні кешкі сағат 17:50 шамасында Әйтеке би көшесінде орналасқан субұрқақта айналмалы су сорғысы үш жасар баланың аяғын тартып алған. Бала оны шығара алмай, қайтыс болды.
Қазіргі кезде осы оқиға бойынша қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу шаралары басталды.
Атырауда субұрқаққа баланың аяғы қысылып қалды