"Атланта ойындарынан кейінгі алғашқы медаль": Головкин мергендерді құттықтады

Sputnik
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Париж Олимпиадасында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль сыйлаған мергендерді құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Сіздер жарыстың алғашқы күні-ақ жүлдеге қол жеткізіп, барша олимпиадалық құрамаға жігер бердіңіздер. Қазақстан Атланта ойындарынан кейін алғаш рет нысана көздеуден Олимпиада тұғырына көтеріліп отыр. Бұл жетістік арқылы сіздер өз шеберліктеріңізді паш етіп, еліміздің олимпиадалық тарихына ендіңіздер", - делінген құттықтауда.
Ол спортшыларға Олимпиада ойындарындағы жекелей сында сәттілік тіледі.
Айта кетейік, 10 метрге винтовкамен нысана көздеуден аралас командалық сында қазақстандықтар Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қола жүлдегер атанды.
Парижде Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті