АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бірыңғай платформасын құру жоспарланып отыр.
Ол әртүрлі көздерден алынған деректерді біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл деректерге мыналар кіреді: коммуналдық төлемдер үшін Бірыңғай төлем құжатының түбіртектері, e-ПИК/МИБ және iKOMEK109.
Сондай-ақ платформа тұрғын үй инспекциясының инженерлік желілері мен жұмыс процестерін орталықтандырылған цифрландыруға мүмкіндік береді.
Қыркүйекте құрылыс нысандарын бақылау және заңсыз толтыруларды жою үшін "Мемқалакадастр" жүйесі іске қосылады.
Жүйе нысандардың бас жоспарларын бақылап отыруға және заңсыз нүктелік құрылыс мәселесін шешуге мүмкіндік береді, деп атап өтті министрлік.
Құрылыс саласында 22 мемлекеттік қызмет бар, оның 20-сы электронды форматта көрсетіледі. Қалғаны – қағаз түрінде.