"Қазақмыстан" металл және тауар ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды – видео

Sputnik
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Қарағанды облысында өнеркәсіптік компаниялардан, соның ішінде "Қазақмыстан" металл және тауар ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қауіпсіздік қызметінің басшылары мен кәсіпорын қызметкерлері де қылмыстық әрекеттерге қатысты деген күдік бар. Қазіргі кезде копанияға келген залалдың мөлшері анықталып жатыр.
"Қарағанды облысының полиция департаментіне 20-дан астам күдікті жеткізілді. Тінту кезінде олардан атыс және травматикалық қару, автокөлік, қаражат және қылмыстық іс бойынша басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді", - дейді ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Айта кетері, бұған дейін "Qarmet" АҚ өкілдігінің аумағынан жанар-жағармай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталған болатын.
Qarmet кәсіпорындарынан жанармай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды