АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Париж Олимпиадасында жеребе тарту арқылы боксшылар мен дзюдошылардың алғашқы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ҰОК-тың ресми сайтына сілтеме жасап.
Боксшылардың арасында Мұхамедсабыр Базарбайұлы мен Нұрбек Оралбай рингке бірінші болып шығады. Олардың жекпе-жектері ертең өтеді.
Ерлер:
51 келі: Сәкен Бибосынов – Самет Кумуш (Түркия)
57 келі: Махмұд Сабырхан – Хосе Кильес (Испания)
63,5 келі: Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Ойер Ибаррече Конде (Испания)
71 келі: Асланбек Шымбергенов – Зияд Ишиаш (Иордания)
80 келі: Нұрбек Оралбай – Каллум Петерс (Австралия)
92 келі: Айбек Оралбай - Олайтан Адам Олаор (Нигерия)
+92 келі: Қамшыбек Қоңқабаев - Гадфа Дрисси (Испания)
Әйелдер:
50 келі: Назым Қызайбай - Джиордана Соррентино (Италия)
57 келі: Карина Ибрагимова - Лозада Мотта Ашлейан (Пуэрто-Рико)
75 келі: Валентина Хальзова - Атейна Билон (Панама)
Дзюдошылардың қарсыластары да анықталды. 27 шілдеде Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынова татамиге бірінші болып шығады.
Ерлер
60 келі: Елдос Сметов - Торнике Чакадуа (Нидерланд)
66 келі: Ғұсман Қырғызбаев- Давид Гарсия Торне (Испания)
73 келі: Данияр Шамшаев - Мұроджон Юлдашев (Өзбекстан)
81 келі: Абылайхан Жұбаназар (екінші айналым) - Атилла Унгвари (Венгрия)
100 келі: Нұрлыхан Шархан - Тома Никифоров (Бельгия)
Әйелдер
48 келі: Абиба Әбужақынова - Шира Ришони (Израиль)
63 келі: Эсмигуль Куюлова - Лубьяна Пиовесана (Австрия)
+78 келі: Камила Берліқаш - Адиясурен Амарсайхан (Моңғолия)