"Элиталы коттедж қалашығын салуды көздеген": Ардагерлер саябағы мемлекетке қайтарылды

Орман саябағы аймағына кіретін учаске 2004 жылы жеке тұлғаға заңсыз берілген
Sputnik
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Талдықорғанда Ардагерлер саябағы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Жетісу облыстық прокуратурасы.
Прокуратура Ардагерлер саябағының 74 гектар жерін жеке тұлғаға беруді заңсыз деп тану және мемлекет меншігіне қайтару туралы талап арызын сотқа түсірген. Себебі орман саябағы аймағына кіретін учаске 2004 жылы жеке тұлғаға заңсыз берілген. Осылайша, Жер кодексінің 26-бабы бұзылған.
"Жердің жаңа иесі элиталық коттедж қалашығынсалуды көздеп, оның пайдалану мақсатын өзгерткен. Сол үшін саябақ аумағы 240 учаскеге бөлінген", - дейді прокурорлар.
Судья прокурорлардың арызын қанағаттандырды. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.