Қазақстандықтар зейнетақы шоттарына 20 трлн теңге (4 42,3 млрд) жинады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алты айдағы қызметін қорытындылады
Sputnik
АСТАНА, 25 шілде - Sputnik. Қазақстандықтар зейнетақы шоттарында 20 триллион теңге (42,3 миллиард доллар) жинады. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарлады.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі шамамен 3,9 триллион теңгеге (8,2 миллиард доллар) немесе 24,3%-ке өсті. Зейнетақы қорының деректері бойынша қазақстандықтардың жинақтарының 96%-і міндетті зейнетақы жарналары есебінен, бұл шамамен 19,3 триллион теңге (40,8 миллиард доллар).
Міндетті кәсіптік жарналар бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 619,9 миллиард теңге (1,3 миллиард доллар), бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,9%-ке артық. Ерікті зейнетақы жинақтары бір жылда 48,4%-ке яғни, 6,5 миллиард теңгеге (13,7 миллион доллар) өсті. Жұмыс
берушілер 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтардың зейнетақы шоттарына 98,9 миллиард теңге (209,3 миллион доллар) қосты. Инвестициялық табыс та бар. Бірінші жартыжылдықта алушылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс шамамен 1,21 триллион теңге болды. (2,5 миллиард доллар)