Қазақстан мен Ресей шекарасында электрондық кезек жүйесі енгізілді: нәтижесі қандай

Sputnik
АЛМАТЫ, 25 шілде – Sputnik. Қытаймен, Өзбекстанмен, Түрікменстанмен және Ресеймен шекарада "CarGoRuqsat" электрондық кезек жүйесі қолданылады, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер комитеті.
Қазақстан-Ресей шекарасында электрондық кезек 2023 жылғы қарашадан бастап кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр және 7 өткізу пунктінде жұмыс істейді.
"CarGoRuqsat" шекарадан өту үшін электрондық кезекті алдын ала брондауға мүмкіндік береді, бұл оның өтуін жеделдетеді және ашық түрде жүргізіледі.
Сондай-ақ "CarGoRuqsat" мемлекеттік органдардың 17 ақпараттық жүйесімен интеграцияланған, соның есебінен тасымалдаушылар айыппұлдар мен берешектер, тауарларды өткізу үшін тиісті құжаттарды ресімдеу қажеттілігі және тағы басқа ақпаратты алдын ала алады.
"CarGoRuqsat" пайдалану қосымша арқылы да, интернет-браузер арқылы да қарастырылған.
Іске қосу басталғаннан бері Қазақстан-Ресей шекарасында электрондық кезек жүйесі арқылы 13 мыңнан астам жүк автомашинасы өтті.
Жалпы, электрондық кезек жүйесі өзінің тиімділігін көрсетті және тасымалдаушылар оны оң қабылдауда.
Қазақстан-ресей шекарасындағы қосымша 14 өткізу пунктінде "CarGoRuqsat" іске қосу жоспарлануда.