Павлодар облысында төтенше жағдайдың бөлім басшылары сотталды

Sputnik
АЛМАТЫ, 25 шілде – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы сотталды, деп хабарлайды сыбайлас жемиқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Биыл 17 маусымда Павлодар қаласы 2 сотының үкімімен төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің бөлім басшысы 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
“Ол өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жыл сайынғы тексерулер жүргізу кезінде жалпы қамқорлығы үшін кәсіпорын басшысынан 1,3 млн теңге сомасында пара алды деп айыпталды”, - дейді ведомство.
Департаменттің басшысы мен оның орынбасары атқаратын лауазымдарынан босатылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.