Инфографика

Париж Олимпиадасына қатысатын қазақстандықтар

Спортшылардың саны дәрігерлер мен жаттықтырушылардан аз
Sputnik
АСТАНА, 25 шілде - Sputnik. Париж олимпиадасы ертең басталады. Қазақстан құрамасының меншігінде - спорттың 25 түрінен 92 лицензия бар.
Ұлттық команда құрамында 80 спортшы, 67 жаттықтырушы және кешенді ғылыми топтардың 15 мүшесі бар.
Қазақстандықтар Парижде өтетін Олимпиада ойындарында
Қазақстандық боксшылардың алтын медаль жеңіп алуға мүмкіндіктері зор, дзюдошылардан да осындай нәтижелер күтілуде. Сондай-ақ жекпе-жекте де мықты. Жалпы Тәуелсіздік алған жылдары боксшылар, балуандар, дзюдошылар мен таэквондистер байрақты бәсекелерде қарсыластарын талай рет шаң қаптырып, Қазақстан туын желбіретіп жүр.
Еске сала кетейік, ертең олипиада жарысын қазақстандық садақшылар бірінші болып бастайды.