АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған апаттан зардап шеккен тағы екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Басқарманың мәліметінше, төрт науқастың жағдайы әлі де ауыр.
"Қарқынды реанимациялық іс-шаралар өткізілгеннен кейін Қарағанды ферроқорытпа зауытының тағы екі жұмысшысының өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. 1981 және 1987 жылы туылған науқастар есін жимастан қайтыс болды. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін бар күш-жігеріп салып, күрескен болатын. Қаза тапқандардың жақын туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.
Қаза болған Адамчук Дмитро балқыту цехының механигі, ал Төлеген Жетпісбаев бас механик қызметінің шебері болып жұмыс істеген.
Еске сала кетейік, 20 шілде күні Қарағанды ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болып, 8 жұмысшы түрлі дәрежеде жарақат алған еді. Бұған дейін күйік шалған екі жұмысшының көз жұмғаны хабарланған болатын.