Алматыда 31 млн теңгенің контрафактілік өнімі тәркіленді

Sputnik
АЛМАТЫ, 25 шілде - Sputnik. Алматыда айналымнан 31 млн теңгеден астам сомаға контрафактілік өнім алынды. Бұл туралы Алматы қаласы әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Еркебұлан Жетпісбаев өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты.
"Жыл басынан бері 66 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесіліп, іс қозғалды, оның барысында 31 млн 223 мың 523 теңгеге 31 978 контрафактілік заңсыз өнімі айналымнан алынды. Жоғарыда көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарау нәтижелері бойынша сот құқық бұзушыларға қатысты жалпы сомасы 4 750 364 теңгеге айыппұл салды", – деп нақтылады Еркебұлан Жетпісбаев.
Тауар таңбаларын заңсыз пайдалану мәселелері бойынша жоспардан тыс тексерулер әртүрлі санаттар бойынша жүргізілді:
ойыншықтар: LEGO- құрастыру бөлшектері;
киім: PUMA, NEW Balance,
автомобиль бөлшектері мен керек – жарақтары: KIA/Hyundai – бөлшектер, Alca – тазалағыштар; SKF – мойынтіректер; MTEC-шамдар; WD – 40 – аэрозоль; Liqui Moly-Мотор майлары;
парфюмерия және косметика: Zielinski & Rozen, Relouis;
кеңсе тауарлары: Cello-қаламдар; Луч-пластилин;
тұрмыстық техника және электроника: SAMSUNG, LG-теледидарлар; ALMACOM-кондиционерлер; Apple, Sony PlayStation-электроника;
кәмпиттер: Линдт;
тұрмыстық химия: Persil - Персил, Bref - бреф, palet - палет.