Алакөлге дельтаплан құлады: комитет арнайы тергеу жүргізеді

Sputnik
.АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Жетісу облысы Ақши ауылының маңында Алакөл көлін патрульдеу кезінде ТЖМ құтқарушылары дельтапланмен ұшып бара жатып суға құлаған 2 адамды құтқарды.
Аман қалған ер мен әйел адам медицина қызметкерлеріне көмегіне жүгінді.
Азаматтық авиация комитеті Алакөлге құлаған дельтапланға қатысты мәлімдеме жасады.

"Бүгін 25 шілде кешкі 17:15 кезінде Жетісу облысы Алакөл ауданы Ақши ауылында дельтаплан көлге апаттық жағдайда қонды. Екі адам зардап шекті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп жатыр", - деп хабарлады комитеттен.

Ведомство сондай-ақ осы авиациялық апат бойынша тергеу жүргізілетінін хабарлады.