Жоғары білім алуға процентсіз кредит беріледі – шарттары қандай

Оны барлығы бірдей ала алмайды
Sputnik
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биылдан бастап оқу ақысын төлеуге процентсіз кредит алуға болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі кезде бұл бастаманы қаржы орталығы мен бірнеше банк пысықтап жатыр. Осылайша, АҚШ-тағындай жоғары білім алу үшін процентсіз кредит алуға мүмкіндік болады. Оны жылдың аяғында қолға алу жоспарланып отыр.
Sputnik Қазақстан тілшісі қаржы орталығына хабарласып, процентсіз кредиттердің шарттарын білді. Орталықтың баспасөз қызметі процентсіз кредиттердің берілетінін растады. Айтуларынша, оны барлығы бірдей ала алмайды.
Процентсіз кредиттер тек сараланған гранттардың иегерлеріне ұсынылады. Биыл ҰБТ-ның нәтижесі бойынша тегін оқуға түсе алмаған талапкерлер арасында 300 сараланған грант үлестіріледі. Бұл – пилоттық жоба.
Сараланған грант бойынша оқудың төлемақысы 50/50 болып белгіленіп отыр. Бұл дегеніміз, жартысы бюджеттің есебінен өтелсе, қалғанын студенттің өзі төлейді. Ал студент ақының жартысын төлей алмаса, процентсіз кредит рәсімдей алады. Мерзімі – 10 жыл. Ал әлеуметтік осал топтарға кіретін студенттер үшін кредитті қайтару мерзімі 15 жылға ұзартылып отыр.
Айта кетері, сараланған гранттар нақты екі бағытқа бөлініп отыр.
Грант иегерлеріне толық көлемде стипендия да төленеді.
Оқу ақысының жартысын студенттің өзі төлейді: сараланған гранттың шарты жарияланды