Тамыз бен қыркүйек айларында ауыл шаруашылығы санағы өтеді

Пилоттық ауыл шаруашылығы санағы 54 елді жүргізіледі
Sputnik
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Қазақстанда пилоттық ауыл шаруашылығы санағы өткізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Пилоттық ауыл шаруашылығы санағы 20 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында ұйымдастырылады. Негізгі мақсат – санақ парақтарын, әдіснамаларды, ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сынақтан өткізу, далалық жұмыстардың ұйымдастырылуын, сондай-ақ интернет пен әкімшілік деректердің сапасын бағалау.
Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері пилоттық ауыл шаруашылығы санағын 54 елді мекенде – ауылдық және қалалық жерлерде жүргізетін болады.
"Ауыл шаруашылығы санағына шаруа немесе фермер қожалықтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын үй шаруашылықтарын қоса алғанда, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері, дара кәсіпкерлер қатыса алады", - делінген ресми хабарламада.
Санақ жер және егіс алқаптары, ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының саны, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы инфрақұрылымына қатысты басқа да нақты деректерді жинауға мүмкіндік береді.