Қарағанды зауытындағы апат: тағы бір жұмысшы қайтыс болды

1999 жылы туған науқастың денесін 90% күйік шалған
Sputnik
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Қарағандыда ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай кезінде зардап шеккен тағы бір жұмысшы қайтыс болды. Бұл туралы Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.
"Дәрігерлердің бүкіл күш-жігерін салғанына қарамастан, Қарағанды ферроқорытпа зауытының тағы бір жұмысшысы көз жұмды. 1999 жылы туған науқастың денесін 90% күйік шалған. Осы уақытқа дейін ол өте ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатқан. Марқұмның жақын туыстарына қайғыра көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.
25 жастағы Қазкен Ерұлан Қайырбекұлы ферроқорытпа зауытында технолог болып жұмыс істеген.
Еске сала кетейік, 20 шілде күні Қарағанды ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болып, 8 жұмысшы түрлі дәрежеде жарақат алған еді. Бұған дейін күйік шалған жұмысшылардың бірі көз жұмғаны хабарланған болатын.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, арнайы комиссия да құрылды.
Қарағанды ферроқорытпа зауытында 8 адам жарақат алды