АСТАНА, 24 шілде - Sputnik. Батыс Қазақстан облысында прокурорлар атмосфераға ластаушы заттардың рұқсатсыз шығарылғанын анықтады, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы ластаушы заттардың рұқсатсыз шығарындыларын анықтап, кейіннен Экология басқармасына тексеру жүргізу туралы талап жолдаған.
"Тексеру барысында кәсіпорынның (ЖШС "Айдана") 2021 жылғы 5 және 10 маусым аралығында ластаушы заттардың шығарындыларын рұқсатсыз шығарғаны анықталды, ал кәсіпорын 2021 жылдың 11 маусымында ғана эмиссияға рұқсат алған", - делінген хабарламада.
Нәтижесінде кәсіпорынға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 1-бөлігі бойынша 2 млн 351 мың 522 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды. Кәсіпорын айыппұлы толығымен төлеген.