2030 жылы қысқы Олимпиада қай жерде өтеді

Sputnik
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. 2030 жылы қысқы Олимпиада ойындары Францияның Альпітауларында өтеді. Халықаралық Олимпиада комитеті осындай шешім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
Дауыс беру кезінде 84 мемлекет Францияның өтінімін қолдады. Төртеуі қарсы болды, ал 7 мемлекет қалыс қалды. Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бахтың айтуынша, қысқы Олимпиада ойындарын Францияның Альпі тауларында өткізу үшін тағы бірқатар шарттар орындалуы қажет.
" Халықаралық Олимпиада комитетінің атқарушы комитеті премьер-министрдің кепілдіктерін беру үшін 2024 жылдың қазан айына дейін дедлайн бекітті. Ал парламенттің мақұлдауынанкейін2025 жылдың наурыз айынан кешіктірмей өткізулері керек", - деді Бах.
Бұдан бөлек, үш аймақ - Эвиан, Рона-Альпі мен Прованс-Альпі үкіметпен арадағы келісімді растап беруі шарт.
Алдағы ойындар бойынша комиссия басшысы Карл Штосстың сөзіне қарағанда, екі аймақ өздерінің қаржылай кепілдіктерін растады және жұмысты ары қарай жалғастыруға дайын.