Үкімет "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасына 60,3 млрд теңге бөлді

Sputnik
АСТАНА, 23 шілде - Sputnik. Үкімет отырысы барысында премьер-министр Олжас Бектенов "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын сапалы іске асыру – алда тұрған басты міндеттердің біріі екенін атап өтті.
Ауылдық жерлерде жаңа медициналық ұйымдарды салу, жұмыс істеп тұрған облыстық ауруханаларды жөндеу және кадр мәселесі – шешуді қажет ететін негізгі мәселелер.
Үкімет басшысы құрылысы биылға жоспарланған нысанның жобалау-сметалық құжаттарының барлығына мемлекеттік сараптама қорытындысын беру толығымен аяқталғанын атап өтті. Мердігерлер анықталды, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
"Үкімет Ұлттық жобаны іске асыруға 60,3 млрд теңге бөлді. Оның 21 млрд теңгеден астам бөлігін өңірлер алып үлгерді. Қазір қалған нысандарды қаржыландыру мәселесі пысықталуда", — деді Олжас Бектенов.