"ҚазМұнайГаз" компаниясына 500 млн теңге айыппұл салынды

Ұлттық компания айыппұлды толығымен төлеген
Sputnik
АСТАНА, 23 шілде - Sputnik. "ҚазМұнайГаз" компаниясына мұнай өнімдері нарығындағы алаяқтық үшін 539,4 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлады бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.
Ведомство прокурорлармен бірге ұлттық компанияға қатысты "2023 жылдың өткен кезеңінде монополияға қарсы заңнаманы сақтау мәніне" тексеру жүргізген.
"Тексеру қорытындысы бойынша компанияның іс-әрекеттерінде мұнай өнімдерін өткізуді шектеу бөлігінде өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактілері анықталды", - деп хабарлады агенттік.
Тексерушілер айтуынша, "Қазмұнайгаз" 2023 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында мұнай өнімдерін сатуға берілген өтінімдерді елемеген.
Сонымен қатар кейбір сатып алушылар үшін компания "мұнай өнімдерін өткізу мүмкіндігі болған жағдайда" мұнай өнімдерінің көлемін азайта отырып, "кемсітушілік жағдайлар жасаған".
Әкімшілік кодекстің 159-бабының 3-1-бөлігі (монополистік қызмет) бойынша "ҚазМұнайГазға" қатысты әкімшілік іс қозғалды.
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 27 маусымда 539,4 миллион теңге сомасына әкімшілік айыппұл салды.
Бүгінгі күні айыппұл толық көлемде төленді.