АСТАНА, 22 шілде - Sputnik. Словакияның премьер-министрі Роберт Фико Киевтің Ресейдің "Лукойл" мұнайының Украина аумағы арқылы транзитіне қатысты енгізген шектеулері Украинаның өзіне зиянын тигізетінін айтты.
"Ресейлік "Лукойл" компаниясына қарсы санкциялардың несі жақсы екенін түсіндіріп беріңіздерші,бұл санкция Словакияға, Венгрияға, Украинаға және ішінара Чехияға көбірек зиян тигізеді, бірақ Лукойлға іс жүзінде әсер етпейді, өйткені оның мұнайды басқа елдерге жөнелтетін нарығы бар", - деді Фико әлеуметтік желідее жарияланған бейне хабарламада.
Ол ресейлік мұнайға мұқтаж словакиялық "Словнафть" зауыты "Украинаға дизель отынының үлкен көлемін жеткізетінін, ал енді оның тоқтайтынын атап өтті.
Фиконың айтуынша, ол бұл мәселені тезірек шешу үшін Украина премьер-министрімен ағымдағы жағдайды талқылаған.