АСТАНА, 22 шілде - Sputnik. Көлік министрлігі Ақмола облысының Жарқайың ауданында АН-2 әуе кемесі апатқа ұшырауына қатысты тергеу жүргізеді.
Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрылады. Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберіледі.
Еске салсақ, 21 шілдеде кешкі сағат 18.45-те Ақмола облысының Жарқайың ауданында АН-2 әуе кемесі апатқа ұшырады. Ұшақта өрт шыққан. Борттағы ұшқыш секіріп үлгерді. Әуе кемесі "Бүркіт-Авиа" ЖШС-не тиесілі.
Өрт сөндірілді, алдын ала ақпарат бойынша адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ.