Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Кремль Батыстың Украинаға көмегіне қатысты пікір білдірді

Sputnik
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Батыстың Украинаға көмегі жанжалды реттеуге ықпал етпейді, ол, керісінше, қақтығыстың созылуына әкеледі. Бұл ретте Батыстың көмегі арнайы әскери операцияның нәтижесіне әсер ете алмайды. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлім етті, деп хабарлайды Риа Новости.
"Бұл Украина төңірегіндегі қақтығысты реттеуге ықпал етпейді, керісінше, бұл жанжалдың созылуына әкеледі. Бұл осы мәселенің нәтижесіне еш әсер етпейді", - деді Песков журналистерге.
Мәскеу Украинаға қару-жарақ жеткізу жағдайды реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген.