АСТАНА, 22 шілде - Sputnik. "Алматы жастары" ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды Алматы қалалық әкімдігі.
"Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы 2024 жылы 29 шілде мен 7 тамыз аралығында "Алматы жастары" бағдарламасы аясында тұрғын үй сатып алуға қажетті жеңілдетілген несие алу үшін 35 жасқа дейінгі жастардан өтінім мен құжат қабылдау басталады", - деп жазды әкімдік.
Бағдарламаға қатысу үшін өтінімді www.almaty-zhastary2024.kz сайты арқылы беруге болады.
Бұл үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.
Несие беру шарттары:
Қарыздың ең жоғары сомасы – 18 млн теңгеге дейін;
Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
Бастапқы жарна – 10%;
Бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі.
Бұл бағдарлама бойынша ең кемі 1200 адамға өтінім мақұлданады.
Қатысуға қойылатын негізгі талаптар:
Қазақстан азаматтығы;
1.
Өтінім беру кезінде өтініш берушінің және жұбайының (бар болса) Алматы қаласында тұрақты тіркеуі болуы;2.
Өтінім беру кезінде қатысушы 35 жасқа толмауы керек, ал жұбайының (бар болса) жасы есепке алынбайды. Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптының біреуі ғана қатыса алады;3.
Қатысушының және оның отбасы мүшесінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактісінің болмауы.4.
Қатысушының Алматы қаласында ең кемі соңғы 6 ай бойы міндетті зейнетақы аударымы бар жұмыс өтілі болуы қажет. Атап айтқанда, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары, қалалық коммуналдық қызметтер және "Жұмыс істейтін жастар" бағдарламасы бойынша жалдаушылары.