АЛМАТЫ, 21 шілде – Sputnik. Windows жүйесіндегі ақаулық 8,5 миллион құрылғыға әсер етті, деп хабарлады 24KZ.
Microsoft корпорациясының мәліметінше бұл жалпы санның 1%-тен азы.
Осы жұмада болған операциялық жүйенің техникалық қателігі бірқатар елде, соның ішінде Австралияда, АҚШ-та, Ұлыбританияда және Үндістанда әуежайларды, банктердің, коммуналдық қызметтердің және телекоммуникациялардың IT қызметтерін істен шығарды.
Барлық жүйенің толық жұмысын қалпына келтіру бірнеше аптаға созылуы мүмкін, деп хабарлады британдық The Guardian басылымы.