Тоқаев Бельгия Королін құттықтады

Президент Қазақстан мен Бельгияны берік достық пен өзара құрметке негізделген тығыз серіктестік қарым-қатынас байланыстыратынын атап өтті
Sputnik
АЛМАТЫ, 21 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияның Ұлттық күніне орай Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.
"Қазақстан мен Бельгияны берік достық пен өзара құрметке негізделген тығыз серіктестік қарым-қатынас байланыстыратынын ерекше атап өткім келеді", – деп жазылған жеделхатта.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипптің барлық игі бастамасына табыс, Бельгия халқына бақ-береке тіледі.
Президент қазақстандықтарды Домбыра күнімен құттықтады