Білім

Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

Тамыздағы ҰБТ сертификатымен ақылы оқуға түсуге болады
Sputnik
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды. Өтінімдер қабылдау 30 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігі.
ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жүргізіледі. Тестілеудің өзі 10-15 тамыз аралығында өтеді.
Тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсуге мүмкіндік алу үшін өткізіледі. Тіркелу кезінде тестілеуден өтушілер емтихан өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.
Тамыздағы ҰБТ-ға кімдер қатыса алады?
2024 жылғы мектеп және колледж түлектері;
мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері;
шетелде 11(12) сынып білім алушылары;
қандастар;
шартты түрде оқып жатқан студенттер;
басқа мамандыққа ауысуға ниетті шығармашылық мамандықтардың студенттері;
басқа мамандықтан педагогикалық мамандыққа ауысуға ниетті студенттер.
Тестілеуге қатысу құны – 5 640 теңге.
Білім
ҰБТ-2024: Ереже бұзғаны үшін 628 талапкердің нәтижесі жойылды