Елімізде такси қызметін пайдаланатын жолаушылар саны артты

Такси жолаушыларын тасымалдаудан түскен табыс 4 млрд теңгені құраған
Sputnik
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Қазақстанда такси қызметін пайдаланған жолаушылар саны едәуір артты, деп хабарлайды ұлттық статистика бюросы.
Бюроның мәліметінше, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында такси қызметін пайдаланған жолаушылар саны 37,63%-ға артып, 35,6 млн-ға жеткен.
Такси жолаушыларын тасымалдаудан түскен табыс 4 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,8% артық. Сонымен қатар такси қызметтерінің бағасы жыл басынан бері 4,7%-ға өскен.
Такси жүргізушілері жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек – қаржы министрлігі