Табиғи газ өндірісі 9%-ға өсті

Өңірлерге шаққанда барлық газдың 93,2% Батыс Қазақстан облысында өндірілді
Sputnik
АЛМАТЫ, 19 шілде – Sputnik. Биыл қаңтар-мамырда Қазақстанда газ тәріздес 10,9 млрд текше метр табиғи газ өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,4%-ға артық, деп жазды Energyprjm.kz.
Өңірлерге шаққанда барлық өндірістің 93,2% Батыс Қазақстан облысына тиесілі болды, бұл облыста биылғы бес айда 10,2 млрд текше метр газ өндірілді, жылдық өсім – 9,8%.
Көшбасшы өңірлер Маңғыстау және Жамбыл облыстары. Сонымен қатар газ Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында өндірілді.
"Биыл маусым айының қорытындысы бойынша баллондардағы сұйытылған газдың бағасы бір жылда 9,7%-ға, ал тарату желілері арқылы тасымалданатын газдың бағасы 9,1%-ға өсті. Тарату желілері арқылы тасымалданатын табиғи газдың бөлшек бағасы 1 текше метр үшін 30,2 теңге, сұйытылған газдың бағасы 1 кг үшін 170,4 теңге болды", - деп жазды ақпарат порталы.
Ірі қалалардың ішінде табиғи газ ең қымбат өңір – Шымкент, ал ең төмені — Атырауда. Тарату желілері арқылы тасымалданатын сұйытылған газ Қарағандыда қымбат, ал ең арзаны Семейде.