Синоптиктер ертеңге ауа райы болжамын жасады

Баяу қозғалатын оңтүстік циклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
Sputnik
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Солтүстікте, шығыста, орталықта, оңтүстік-шығыстың таулы және тау етегіндегі аумағында найзағай ойнап, бұршақ жауады, екпінді жел соғады.
Тек оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады.
Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының шығысында, Ұлытау облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында, Атырау облысының оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аймақтарында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысы Жанғала ауданында төтенше өрт қаупі болады деп болжанып отыр.

Ірі қалалардағы ауа райы

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 33-35 градус жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, найзағай кезінде екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 30-32 градус жылы.
Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 23-25 ​​градус жылы.