Жаңа үш комитет құрылды

Sputnik
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Әділет министрлігінде жаңадан үш комитет құрылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Зияткерлік меншік құқығы, мәжбүрлеп орындату, тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру комитеттері осы салаларда реттеу мен қызмет көрсетуді жақсартады.
Мәселен, зияткерлік меншік құқығы комитеті шығармашылық пен инновацияны дамыта отырып, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау мәселелерімен айналысады. Бұл патенттер мен авторлық құқықтарды тиімді басқаруға, сондай-ақ ғылымның, технологияның және мәдениеттің дамуына жол ашады.
Мәжбүрлеп орындату комитеті сот орындаушыларының іс-әрекеттерінің заңдылығын сақтауға, азаматтардың бұзылған құқықтарын жедел қалпына келтіруге, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізуді жаңғыртуға басымдық береді.
Ал тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру комитеті заңды тұлғаларды тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтар мен азаматтық хал актілерін, нотариаттық және адвокаттық қызметті реттеу саласын және заң көмегін көрсету сапасын қадағалайды.