Қазақстанда мемлекеттік IT-қызметтердің жұмысында іркіліс болған жоқ – министрлік

Бұған дейін бүкіл әлемде Windows жүйесінде ақау пайда болғаны хабарланған еді
Sputnik
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Қазіргі уақытта маңызды инфрақұрылымдар мен мемлекеттік IT-қызметтердің жұмысында ешқандай іркіліс тіркелген жоқ, деп хабарлады Цифрлық даму, инновациялар және ғарыш өнеркәсібі министрлігі.
Мәлімдеме бірқатар елдегі әуежайлар мен IT қызметтердің жұмысын тоқтатқан Microsoft операциялық жүйесіндегі ақауға байланысты жасалды.
"Ешқандай шағым түскен жоқ, барлық жүйе қалыпты жұмыс істеп тұр. Цифрлық даму министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отыр", - делінген хабарламада.
Бұған дейін бүкіл әлемде Windows жүйесінде ақау пайда болғаны хабарланған еді.
Әуежайлар жұмысын тоқтатып жатыр: Windows жүйесінде әлем бойынша ақау пайда болды