Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберді

Гуманитарлық көмектің салмағы - 40 тонна
Sputnik
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Қазақстандық "Biz Birgemiz Qazaqstan" қоғамдық қоры Қырғызстандағы селден зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін 40 тонна гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігі мәлім еткендей, 19 шілде күні таңертең жүк көліктері "Ақ-Тілек" қазақ-қырғыз шекара бекетінен өтіп, Ош облысына жолға шыққан.
Гуманитарлық көмек тиелген көлікте азық-түлік өнімдері – ұн, қант және басқа да өнімдер, ең қажетті тауарлар, сондай-ақ гигиеналық заттар бар.
Еске сала кетейік, 14 шілдеде Ош қаласы мен Ош облысында жойқын сел болып, салдарынан 5 адам қаза тапты.
Қырғызстанда тағы да сел жүрді: бір баланың денесі табылды