Майқайыңдағы автобус апаты: шұңқырдан тағы бір құтқарушының денесі табылды

Автобустың нақты жерін анықтау үшін "Алтыналмас" АҚ мамандары тартылды
Sputnik
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Павлодар облысында жердің астына түсіп кеткен автобустың ішінде болған құтқарушының денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сәйкес, бүгін 70 метр тереңдікте тағы бір құтқарушының денесі табылды. Ол 4 қаңтарда үш әріптесімен бірге автобуспен келе жатып, жердің астына түсіп кеткен. Сол кезде екі адамның мәйіті шығарылған болатын. Ал екеуі табылмады.
"Бұған дейін екі құтқарушыны іздеу жұмыстары қайта басталды. Автобустың нақты жерін анықтау үшін "Алтыналмас" АҚ мамандары тартылды. Олар сканермен 12 метр тереңдікте автобустың жатқан жерін анықтап берді", - дейді департамент мамандары.
Айта кетері, бұған дейін автобуста қалған екі адамның туыстары көмек сұрап Астанаға келген еді.
Майқайың кенішіндегі апат: іздестіру жұмыстарына шетелдік мамандар тартыла ма