ЕАЭО темір жол қауіпсіздігі саласындағы техрегламент стандарттарының тізбесін кеңейтті

Өзгерістер 30 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді
Sputnik
АЛМАТЫ, 19 шілде - Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы темір жол көлігі саласындағы техникалық регламенттерді іске асыру үшін стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізді, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
Тізбелер тоғыз стандартпен толықтырылды.
"Өзгерістер осы стандарттардың өнеркәсіп үшін айрықша маңыздылығына және теміржол машина жасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау рәсімдерін жүргізудің өзектілігіне байланысты күнтізбелік 30 күннен кейін күшіне енеді", - делінген хабарламада.
Бұдан басқа, 180 күнтізбелік күннен кейін күшіне енетін стандарттар тізбесінің жаңа редакциялары бекітілді.
"Өзгерістердің мақсаты - стандарттардың өзекті нұсқаларын қолдану жағдайларын жасау және оларды әзірлеу, қолданысқа енгізу шамасына қарай ұлттық стандарттардан мемлекетаралық стандарттарға жоспарлы түрде көшу", - деп атап өтті ЕЭК техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкий.
Стандарттар тізіміне енгізілген өзгерістерді Ресей ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдарымен бірлесіп әзірледі. Жекелеген мемлекетаралық және ұлттық стандарттарға қатысты оларды қолдануға бейімделу үшін өтпелі кезең белгіленді.
ЕАЭО-да өнеркәсіптік кооперацияны қолдаудың жаңа механизмі таныстырылды