Қырғызстанда катер қағып кеткен Қазақстан азаматы көз жұмды

Қайғылы оқиға Қара ой ауылындағы демалыс орталықтарының бірінің жағажайында болған
Sputnik
АЛМАТЫ, 18 шілде – Sputnik. Қырғызстанда демалып жүрген қазақстандықты катер қағып кетті, ол ауруханада көз жұмды, деп хабарлады 24.kg ақпарат порталы.
Оқиға туралы полицияға 15 шілдеде аудандық аурухана дәрігерлері хабарлаған.
Медициналық мекемеге 42 жастағы Қазақстан азаматы жеткізілген. Ауруханаға жеткізілгенде науқастың жағдайы ауыр болған. Қайғылы оқиға Қара ой ауылындағы демалыс орталықтарының бірінің жағажайында болған.
Факт тіркеліп, тергеуге дейінгі іс-шаралар басталды. Қайықтың иесі 32 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Су көлігін 18 жастағы жігіт басқарған.
16 шілдеде қазақстандық алған жарақатынан қайтыс болды. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жасалып жатыр.
Оқиғаға қатысты ҚК ҚК-нің 127-бабы "Абайсызда кісі өліміне әкеп соғу" және 311-бабы "Қозғалыс және пайдалану, теміржол, әуе немесе су көлігі қауіпсіздігі қағидаларын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.