АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Қазақстан Ресеймен Ертіс өзенінде су электр станциясын салу жобасын талқылауда. Бұл туралы журналистермен кездесуде энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.
"Қазақстанда Ертіс өзенінде - Шүлбі ГЭС қарсы реттегіші деп аталатын ГЭС салу қажеттілігі көптен бері талқыланып келеді. Өзен шекарада орналасқан, ресейлік әріптестеріміздің тәжірибесін пайдалану орынды болып көрінеді", - деді Сәтқалиев.
Алайда министр серіктес таңдау туралы түпкілікті шешімді "Самұрық - Қазына" нақтылайтынын айтты.
"Қор ресейлік әріптестермен, сондай-ақ басқа да баламалы жеткізушілермен келіссөз жүргізеді және мемлекет мүдделеріне сүйене отырып шешім қабылдауға тиіс", - деп түсіндірді Сатқалиев.
Станция тәуелсіз болады деп жоспарлануда. Алдын ала қуаты - 300 мегаватт.
Станция базалық және ең жоғары жүктемені азайтады, деп қорытындылады министр.
Ертіс өзенінде үш ірі ГЭС орналасқан: Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі. Ең ірі Бұқтырма су электр станциясының максималды көлемі – 49,6 текше шақырым.