АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. АҚШ президенті Джо Байден коронавирусжұқтырды. Америкалық көшбасшының COVID-19-ға тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер мәлім етті, деп хабарлайды Ақ үйдің ресми сайты.
Карин Жан-Пьер Лас-Вегастағы іс-шарадан кейін президенттен коронавирус анықталғанын айтты.
"Ол вакцина алды және қарқынды терапиядан өтті, президентте аурудың әлсіз белгілері бар. Ол Делавэрге оралады. Ол оқшауланады және осы уақыт ішінде міндеттерін толық орындауды жалғастырады", - деді баспасөз хатшысы.
Президенттің дәрігері Байденнің 17 шілдеде түстен кейін тыныс алу жолдары ауырған, соның ішінде суық тию белгілері байқалғанын, жөтелі болғанын, сондай-ақ әлсіздікпен келгенін хабарлады.