Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

"Соғыс жақындады": Польша президенті Ресейге қатысты мәлімдеме жасады

Sputnik
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Ресей Украинада жеңіске жетсе, Солтүстік Атлантикалық альянсқа (НАТО - агенттік) соғыс ашуы мүмкін, деп мәлімдеді Польша президенті Анджей Дуда Wirtualna Polska порталына берген сұхбатында.
"Ресейдің Батыспен ықтимал соғысы жақындап қалды", - деді саясаткер Ресейдің Украинамен қақығысы туралы сұраққа жауап беріп.
Оның айтуынша, НАТО қазірдің өзінде ресейлік күштермен ықтимал соғыс қимылдарына дайындалып жатыр.
Мәскеу Солтүстік Атлантикалық альянс елдерінің ешқайсысына қауіп төндірмейтінін, бірақ өз мүдделеріне ықтимал қауіпті әрекеттерді назардан тыс қалдырмайтынын бірнеше рет атап өтті. Сонымен бірге ол тең құқықты диалогқа ашық, Батыс Еуропаны милитаризациялау бағытынан бас тартуы керек.
Президент Владимир Путиннің айтуынша Ресей НАТО-мен тікелей әскери қақтығысты қаламайды, бірақ егер біреу қаласа, Мәскеу оған дайын.