АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстан облыстық экология департаменті директорының міндетін уақытшы атқарушы Мамай Бутабаев ұсталды. Бұл ақпаратты сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
"Сотқа дейінгі тергеу аясында ШҚО бойынша экология департаменті директорының міндетін уақытша атқарушы ұсталды. Тергеу жалғасып жатыр", - делінген ресми хабарламада.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Бутабаев 180 млн теңге көлеміндегі параның бір бөлігі – 10 млн теңгені алған кезде ұсталған.